Сын шақта «Ембімұнайгаз» мекемесі елмен бірге екендерін көрсетті

img 20200417 wa0067 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 17 шілде, 2020 жыл. Ембі мұнайшылары пандемиямен күрес үшін Атырау облысы әкімдігіне қолдау көрсетуде.

Пандемия басталғаннан бастап бүгінгі күнге дейін «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облысының әкімдігімен бірлесе отырып, облыс халқына жан-жақты қолдау көрсетті.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметінің мәлімдеуінше, бүгінде компания Атырау облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі концентраторларын алуға, оперблоктарды,  реанимацияларды, диализ орталықтары мен провизорлық бөлімшелерді медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесін жүргізу үшін медициналық  жабдықтарды алу үшін  146 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. Осындай мақсатта және жеке сақтандыру құралдарын алуға Жылыой аудандық ауруханасына 35 миллион теңгеаударылды.Атырау облысы аудандық әкімдіктеріне жасалған өзге қолдау түрлерін есептемегенде, өңір тұрғындарына көрсетілген көмектің жалпы сомасы 300 миллионға жуық теңгеніқұрайды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЕМГ Атырау қаласының Береке ықшам ауданындағы карантиндік стационарларды тұрмыстық техникамен және гигиеналық қажетті заттармен қамтамасыз етуге 100 миллион теңге бөлген болатын. Атырау облысы әкімдігінің сұранысына сәйкес Махамбет ауданы әкімдігіне қайтадан ашылған провизорлық орталықтың қажеттіліктері үшін автобус бөлінді.

Өткен сенбі күні Атырау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша облыстық ауруханаға 40 оттегі баллоны тапсырылды. Сонымен қатар, Исатай, Мақат, Жылыой және Қызылқоға аудандарының әкімдіктеріне блок-посттар ұйымдастыруға, дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге және халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсетілді.

unnamed file 4
img 20200417 wa0069
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз