Шетелдік нөмірлі көлік иелерінің алдында қандай таңдау тұр?

Ел жаңалықтары Жаңалықтар

Atr.kz/15 қаңтар, 2020 жыл. «ҚР Жол қозғалысы» туралы заңның 63 бабына сәйкес, шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген көлік 30 күн ел аумағында болмауы тиіс.

Бұл – Қазақстан территориясына бір жыл бұрын кіргізіліп тіркелмеген көліктер заңсыз жүр деген сөз. Шетелдік нөмірмен жүрген жерлестеріміздің алдында үш нұсқа бар.

Біріншіден, барлық алым-салықтарды төлеп көлікті заңдастыру;

Екіншіден, көлік айып тұрағына шығарылғанға дейін 30 күнге шетелге шығып, көлікті қайта Қазақстанға кіргізу;  

Үшіншіден, техникалық құралды шетелге апарып сату.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда 200 мыңға жуық көлік шетелдік нөмірмен жүр.

Дерекөз: «Тengrinews.kz»

«ҚР Жол қозғалысы» туралы заңы, 63-бап:

«Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жасалған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген, осы Заңда айқындалатын механикалық көлік құралдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған