Қырықтан асқанша сүрбойдақ. НЕГЕ?

130786083 5640974 opgyyejwo8q Жаңалықтар

Аtr.kz/25 мамыр, 2020 жыл. Баяғыда аталарымыз «Он үште отау иесі» деп, ұлдарын ертерек үйлендіретін болған. Бұл «отбасы қадірін ерте ұғынсын, оған қамқор бола білсін, шаңырағына ие болуды жастайынан үйренсін» деген ізгі ниеттен туындаған. Қазір заман өзгерді. Бүгінгі он үштегі бала – мектептің жетінші-сегізінші сынып оқушысы. Оның алдында қаншама асқақ арман, сан тарау жол жатыр десеңізші…

 Жұмысы бар адам қал- қадірінше біреуден ілгері, б і р е у д е н к е й і н т і р л і к кешуде. Әркімнің өз тұрмыс- жағдайына сай қыз бен жігітті табу соншалық қиын да емес. Бірақ… иә, тағы да осы «бірақты» қосып айтпасқа лажымыз жоқтай. Себебі, елімізде сүрбойдақ жігіттер мен оң босағада отырып қалған кәрі қыздар жасы қырықтан да асып барады… Көптеген ата-анамен тілдессеңіз, «осы баланы үйлендіре алмай қойдық!» деген өкпе-ренішін жасырмай, өздерінен не ұлының бойынан осыған себеп пен сылтау іздейді.

«Қанша адам болса, сонша мінез бар» демекші, тұрмыс құруға асықпайтындардың өзіндік ұстанымы, көзқарасы, пайымы да жоқ емес. Олардың бірі «жағдайымды жасап алсам» десе, екіншілері ойдағы идеалын зарыға күтумен болады. Ал, үшіншілеріне ешкім ұнамайды. Тағы біразы өзі құралыптас қыз-жігіттердің қателігін қайталаймын ба деп қорқады. Мәселен, ажырасып кетіп, ондаған жыл бойы алимент төлеу оңай ма? Қазіргі таңда осындай келеңсіз жайттың көптігінен біраз жігіт «одан да өзіммен өзім жүре бергенім жөн шығар» дегенге тоқтайды.

Қазіргі қыздар – ақылды, олар көрінген көк аттылының соңынан ілесіп жүре бермейді. Алғашқы кездесуден соң-ақ жігіттің тұрмыс жағдайымен жақынырақ танысуды қолға алады. Несі бар, несі жоқ дегендей. Егер оның айлығы аз, астында көлігі болмаса, онда оған жігіт ретінде қызығудың қажеті шамалы деп шешеді. Ал, егер бәрі керісінше болса, онда байланысты әрмен қарай жалғастыруға мүмкіндік бар. Соғыстан кейінгі кездегідей, тіпті болмаса, жетпісінші- сексенінші жылдардағыдай ойлайтын жастар азайды. Сол кездің жастары, шыны керек: «Арамызда шынайы с ү й і с п е н ш і л і к б о л с а , жетіп жатыр. Қалғанын, аман жүрсек, өзіміз-ақ жинап аламыз!»- деуші еді. Бүгінгілер, өкінішке орай, олай ойламайды. Жастардың жартысынан көбі «дайын асқа – тік қасық» болуға құмар.

Лиза СЕЙТІМОВА

603 1

 «Ұмыту қиын сол қызды…»

«Махаббат – кездеспейтін керемет бір, өмірде бір-ақ рет болатұғын» деп ақын жырлағандай, мен де бір қызға өлердей ғашық болдым. Сөз байластық. «Әскерден келген соң үйленеміз» деп шештік.

…Ол Шымкенттегі өнер институтында оқитын. Менің әскерден келуіме екі ай қалғанда, оны бейтаныс жігіттер алып қашты. Басына жаулық салып, зорлықпен келін етті. Әскерден келіп, артынан іздеп бардым. Таптым. Сөйлестім. Күйеуімен де кездестім. Сол үйдің адамы болып сіңісіп кетіпті. Маған: «Тағдыр қоспады. Өкінгеннен не пайда?! Сен де үйлен, балалы-шағалы бол!» – деді.

Міне, сол оқиғадан бері де бақандай жиырма жыл өтті. Мен ешкіммен бас қоспадым. Шыны керек, мына өмірден, адамдардан түңіліп кеттім. Қыз көп болса да, біреуін жар ете алмадым…

Арман АБЗАЛТЕГІ, 41 жаста,

Құрманғазы ауданы

Мамандар пікірі

Еліміздегі 2012 жылғы дерекке сүйенсек, 25- тен асқан сүрбойдақтар саны 3 млн-ды құраған. Сондай-ақ, 18 бен 35 жас аралығындағы күйеуге шықпаған 700 мың бойжеткен мен 300 мың жігіт бар көрінеді. «Бұл көрсеткіш, жыл сайын көбеймесе, азаймауда» д е й д і с о ц и о л о г мамандар. Бұған қоса ғ а л ы м д а р ә л е м д е жалғызілікті адамдар қатарының шамадан тыс көбейіп бара жатқанына алаңдауда. Өйткені, бұл олардың психикасына кері әсер етіп, саулығын бұзады.

«Жүрексіздігімнен жалғыз жүрмін»

Ел арасында: «Жігіттер отыз-қырықтан асқанша неге үйленбей жүреді?!» деген орынды сауал тасталып жүр. Дұрыс. Ал, мен елуге иек артып қалдым. Өмірімде үйленбедім. Тіпті бір қызға: «Сені сүйемін. Болашағымызды бірге өткізейік!» деп айтпаппын. Неге? Өйткені, ұяламын…

Жора-жолдастарым да, жеңгелерім де талай қызбен таныстырды. Оңашада қалғанда, олармен не туралы сөйлесуді білмедім. Қыздың өзі орнынан көтерілмей, мен сол жерде сағаттап отыруға бармын. Өзімнің жүрексіздігімді, қорқақтығымды қазір ғана мойындап жүрмін. Қыздарда да намыс бар ғой. «Сен тым жуас екенсің. Ештеңе етпес, жүр екеуміз қосылайық!» демейтін. Егер сондай батыл да батыр қыз табыл­са, мүмкін, үйленіп кеткен болар ма едім…

Аманбай ҚИСЫМ, 49 жаста,

Жылыой ауданы

 Статистикалық дерекке назар аударсақ

Елімізде 14 пен 29 жас аралығындағы қыз бен жігіт 4 млн. 600 мыңның үстінде екен. Оның 2 млн. 600 мыңдайы – қала, ал, 2 млн-ға жуығы – ауыл жастары. Қыздар жағы, орта есеппен, 24 жасында тұрмыс құрса, ұлдар 27- 28 жаста үйленеді. Бірақ, жастың бәрі дерлік осы кезде шаңырақ көтеріп кетпейді.

Сүрбойдақтардың арасында қырық- елу мен алпысты еңсергендер, жетпіске жетіп жығылғандар баршылық. Бұрын біз «әке шаңырағында отырған кәрі қыздар көп» деп байбалам салып келсек, енді олардың қатарына сүрбойдақ жігіттеріміз де қосылды. Олар өздерінің үйленбей жүру себебін түрлі сылтаумен жуып-шайғысы келеді. Статистика мәліметіне сүйенсек, еліміздегі 21 мен 29 жас аралығындағы отбасылы жұптың 85 пайызы баспанасыз босып жүр. Күнделікті ішіп-жем, азын-аулақ несие, пәтер жалдау – ерлі-зайыптыларды қажытып, өзара жанжалдасуға, кей кезде ажырасуға дейін апаратын себеп.

…Бір танысымыздың қырықтан асқан ересек ұлы бар-тұғын. Үйінің үлкендері қанша жерден «үйлен!» десе де, тыңдамады. Не жалғыз жүруге бойы үйреніп кеткен, не Аманбай оқырманымыз сияқты өте қатты ұялшақ болған. Содан не керек, жанашыр әпкелері мен жеңгелері бірігіп, әлгі жігітті күштеп үйлендіреді. Араға уақыт салып, өмірге бүлдіршіндер келе бастайды. Жасы алпыстан асқанда, ұлды ұяға қондырып, қызды қияға ұшырады. Олардан бірнеше немере-жиен сүйіп, аяулы ата болады. Үлкендеріміз айтқан «Игіліктің ерте-кеші жоқ» деген осы болар, сірә. Соған қарағанда, «қайсыбір жуас жігіттерімізді «күштеп» үйлендірген де дұрыс па еді» деген ой келеді екен…

Жалпы, адам өмірге не үшін келеді? Ішіп-жеп, аяқ босату үшін бе, болмаса қызметтік мансап қуып жүре беруге ме? Әлде «сен тимесең, мен тимен» деп, қара басының қамын күйттеу үшін бе? Әрине, бұған әркімнің қосар өзіндік ой-пайымы бар. Бірақ, пенденің дүниеге келудегі басты парызы – ұрпақ жаю, жер бетіндегі адам санын көбейту. Оларды ізгілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа баулу.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз