ҚИЫН сәттегі ҚОЛДАУ

Жаңалықтар

Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. Бүгінде Атырау облысы әкімнің арнайы тапсырма­сына сәйкес, 30 млн. теңгенің дәрі-дәрмегі облыс тұрғындарының аз қамтылған тобына тегін таратылып жатыр.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған 7 санаттың ішінде аса мұқтаж көп балалылар, бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балалы отбасы­лар, ең төменгі зейнетақы алушылар, жетім балалар, тыл еңбеккерлері, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер бар.

Осындай тегін дәрі-дәрмекке ие болғандар редакциямызға хабарласып, өздерінің ақжарма алғыстарын жеткізуге асықты:

«Алғыспенен ер көгерер»

Мен ұзақ жылдан бері төсек тартып жатқан адаммын. Бойдағы дерт пен тағдыр теперішінен қиындық көрген жанның жағдайы белгілі ғой: басыңа түрлі ой келеді – неге олай емес, неге былай емес дегендей.

Қазіргі індет кезінде, көпшілік куә болып жатқандай, дәрі-дәрмек т а б у , оны мың д ағ ан ақшаға сатып алу оңай емес. Әсіресе, біз секілді м ү м к і н д і г і ш е к т е у л і жандардың жағдайы мәз болмауда. Осындай қиын- қыстау сәтте жергілікті атқарушы орын көмек қолын созып, жан-жақты қолдап жатыр. Сау бол­сын, маған да Нұрсейіт атты ерікті балам түрлі дәрі-дәрмек толы пакетті үйге әкеліп берді. Сол үшін де аналық ақ алғысымды айтамын. Осы шараны ұйымдастырушылардың өздері де, отбасылары да аман болсын!

Әлия ИСИМОВА,

бірінші топ мүгедегі,

Бірлік ауылының тұрғыны

 «Ризашылығым шексіз»

Мен әлі қырыққа да жете қоймадым. Соған қарамастан саулығым кемшін. Көңілге медет тұтарым сол, бір азаматқа жар, үш балаға анамын. Ал, күні кеше жүрегі кең, қолы ашық, өздері қайырымды жандар үйіме облыс әкімдігі ұйымдастырған пакет толы дәрі-дәрмек әкелді.

Бұл біреуге түкке тұрмайтын нәрсе болып көрінуі мүмкін. Соңғы екі жылдан бері дәрі-дәрмекті тұрақты пайдаланатын мен үшін оның маңызы ерекше.

Ауру-сырқаулы жандарға қолұшын беріп, бар уақыттарын соларға көмек көрсету жолына сарп етіп жүрген өрімдей қыз-жігіттерге мың алғыс айтамын. Дендері сау болып, біз секілді жандардың қошеметіне бөлене берсін!

Сәния КАМАРИДЕНОВА,

бірінші топ мүгедегі,

Атырау қаласы

 Осынау игілікті істің басы-қасында елуге тарта ерікті мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысып, тындырымды қызмет етуде. Солардың бірі – Арайлым Аралбаева.

«Бұрын біз дімкәс жандар жай­лы газеттен оқып, теледи­дар хабарларынан көруші едік. Ал, осы жолы өзіміз олардың үйіне аяқтай барып, ауызба-ауыз әңгімелесу- деміз. Сонда байқағанымыз, оларға қандай көмек те артық етпейді. Бастысы, ауызбірлікте болайық. Бәріміз бар қиындықты жұмыла көтерсек, аталған індеттен де аман-есен шығармыз…» – деді ол.

Лайымда, солай болғай!

Лиза СЕЙТІМОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған