Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының жеті қызметкері коронавирус жұқтырған

COVID-19: Соңғы поштадан... Ел жаңалықтары Жаңалықтар

Аtr.kz/2 маусым, 2020 жыл. Қазақстанда коронавирус жұқтырған бұқаралық ақпарат құралдарының жеті қызметкері тіркелді.

Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әлеуметтік желідегі онлайн баспасөз мәслихатында еліміз бойынша коронавирус жұқтырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері туралы сұрақ қойылды.

«Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының 7 өкілі инфекцияға шалдықты. Оның үшеуі емделіп, ауруханадан шықты. Ал қалған төртеуі ем-дом қабылдап жатыр», – Айжан Есмағамбетова.

Осы орайда ол аталған жеті адамда коронавирус жеңіл дәрежеде болғанын нақтылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған