Қазақстан аумағындағы геологиялық жобаларға канадалық инвесторлар шақырылды

191120163622925e Жаңалықтар

Atr.kz/22 қараша, 2019 жыл.  Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сейсенбіде Канада премьер-министрінің ЕО және Еуропадағы арнайы уәкілі – Канаданың Германиядағы елшісі Стефан Дионмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Тараптар кездесу барысында Қазақстан мен Канада арасындағы екіжақты экономикалық байланыстарды дамыту мәселесін атап өтіп, сондай-ақ бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Атап айтқанда, М. Мырзағалиев ынтымақтастықты жандандыру үшін басым салалардың қатарында геологиялық барлауды атап көрсетіп, канадалық инвесторларды Қазақстанға шақырды.

«Қазақстанда геология саласында біршама перспективалық жобалар бар. Біз оларды таныстыруға, осы саладағы бірлескен ынтымақтастыққа бейілміз», – деді министр.

Ол Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен инвестиция тарту, сондай-ақ геологиялық барлаудағы инвесторларға қолдау жасау мақсатымен шетелдік және жергілікті инвесторлардан тұратын «InvestorsOne-stop-shop» жұмыс тобы құрылғанын еске салды. Бұдан басқа, Қазақстан, бірқатар әлемдік сарапшылардың пікірінше, геологиялық барлауда және тұтастай алғанда, тау-кен-металлургиялық кешенде инвестициялық тартымдылықты жақсартуда өршіл қадамдар жасады.

1911201636117220f
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз