Олжамыз – 247 тонна

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Атырау ауылдық округі аумағында орналасқан «Қызыл балық» ЖШС соңғы он жылдан астам уақыттан бері серіктестік ретінде құрылып, жұмыс жасап келеді. Өзіндік еңбек дәстүрі қалыптасқан, міндетін тиянақты атқаруға дағдыланған  ұжым жылдағыша биыл да күзгі балық аулау маусымын нәтижелі аяқтап, жылды табысты қорытындылау қамында. Науқан кезінде шаруашылықта 140-150 адамға дейін жұмысқа тартылады.

????????????????????????????????????

Осылайша, әрбір тартымда ау қоржынын олжасыз қайтармауды мақсат  тұтқан  айдын ерлері биылғы қабылдаған міндеттемелерін абыроймен орындап шықты. Серіктестік балықшылары екі маусымды қоса есептегенде, жыл басында бөлінген 328 тонна көлеміндегі лимиттің 247 тоннасын игеруге қол жеткізді. Тарқатып айтсақ, олар Каспий теңізінен – 141, Жайық өзенінен 106 тонна «су маржанын» сүзіп, тиісінше жоспардың 87 және 63 пайызға орындалуын қамтамасыз етті.

Балық шаруашылығын дамыту жөнінде қабылданған жоспарға сәйкес,  кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы нығайтылып, шағын өлшемді флотпен толықтырылды. Қазіргі уақытта ауланған балықты өңдеуден өткізуге арналған цех құрылысын салу қолға алынып отыр. Онда балықтарды тұздау, қақтау, дайын өнімдерді тоңазытқыштарда сақтау, өзге технологиялық процестерге ыңғайлы орындар қарастырылған. Цех іске қосылып, жобалық қуатында жұмыс істеген кезде мұның өзі өнімдеріміздің өтімді болуына, тұтынушыларға қолжетімді бағамен сатылуына септігін тигізері сөзсіз. Бұдан бөлек, жаңадан құрал-жабдықтар сатып алынып, арнайы бағдарлама бойынша шабақтарды табиғи өсу ортасына жіберу шаралары жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта 14 мың бекіре тұқымдас балықтардың шабағы үшін 700 мың теңге қаржы бөлінді.

Алдағы маусымға дайындық шараларын қазірдің өзінде бастап кеттік. Қорыта айтқанда, «Қызыл балық» серіктестігінің балықшылары әр жыл, әр маусым сайын ау қоржынының олжасыз қайтпауы жолында жұмыстануды мақсат тұтқан. Ал, адал еңбек пен тұрақты кәсіптің қай кезде де нәсіпке кенелтері кәміл.

Әлібек БҰҚАРБАЕВ,

«Қызыл балық» ЖШСдиректоры,

Атырау қаласы.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған