Ойыл қайда? Жоғалған өзеннің жыры

0 39 Жаңалықтар

atr.kz/18 қыркүйек, 2020 жыл.   Ойыл көздің жасы еді,
Ойылдан елді көшірдің!..
Бұл – Асан Қайғы бабаның бұдан бес ғасыр бұрынғы сөзі.

Шынында, бүгінгі Ойыл өзенінің арнасын көргенде
жыларман боласыз. Халық алдымен ауыл-үйдегі жиын-тойда, сосын әлеуметтік желіде дабыл қақты. Өйтпегенде
ше? Төрт түлікке қарап отырған жұрт тығырыққа әбден тірелді. Шаруагердің де шаруасы шатқаяқтап тұр.
Биылғыдай қуаңшылықта қолдағы малды қыстан алып шығудың өзі қиын. Ал, қосымша жем-шөптің құны
қалтаға соққанда, қаладағы ағайынның соғымы да арзан болмасы анық.

Ойыл қалды ойсырап Мəселенің мəні тереңде. Қызылқоға ауданындағы отыз мың халық бір өзенге қарап телміріп отыр. Сағыз бен Мұқырдан өзге аудан жұртының ас-суы сонымен сабақтас.

Осыған орай С.Бəйішев атындағы Ақтөбе университетінің  ұйымдастыруымен «Ойыл өзенін қалпына келтіру» тақырыбында республикалық онлайн конференция өтті. Екі сағатқа жуық мəслихат құрған шараға Ақтөбе жəне Атырау облыстарының басшылары, өзен жағалай қонған төрт ауданның əкімдері, тиісті басқармалар өкілдері мен экологтар қатысты.

Ойыл өзенінің табиғи арнасы Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданының Қызылбұлақ ауылынан басталып, Темір, Ойыл аудандарының аумағымен Атырау облысы Қызылқоға ауданынан өтіп, Доссордың қарасорына құяды. Тіпті, бір кезде қазіргі Индер, Махамбет аудандарының тұсынан Жайық өзеніне құйып жатқан екен. Ертеректе өзеннің ұзындығы 800 шақырым, ені 20- 40 метр, көктемгі тасқын кезінде

тереңдігі 10 метрге дейін баратын. Ал, қазір Ойылдың соңғы сағасы – Қаракөл ауылы ғана. Тайсойған құмының етегіндегі Қарабау ауылына мүлде келмейді десе де болады. Деректерге сүйенсек, қазіргі Қаракөл ауылының төңірегінде 11 көл болыпты. Оның əрқайсысын Ысық руының байлары мекендеп, төскейді түлікке толтырған. Өкініштісі, қазір тұрғындар 11 көл тұрмақ, мал суаратын суға зəру. Бұған не себеп? Мамандар жауын-шашынның азаюы мен өзенге құятын бұлақтардың бітелуін басты фактор ретінде көрсетіп отыр.

Онлайн жиында – Ойылдың жайы

 Аталмыш шараға шақырылған Ақтөбе облысының əкімі Оңдасын Оразалинді де, оның өкілдерін де Ойылдың жыры алаңдатпаған сыңайлы. Бір ай бұрын арнайы хатпен шақырылса да, онлайн жиында ойын бөліспеді. Онлайн желідегілердің 90 пайызы – атыраулықтар. Жергілікті атқарушы органнан қатысқан Атырау облысы əкімінің орынбасары Əлібек Нəутиев Қызылқоға ауданындағы бұл мəселемен бұрыннан жіті таныс екенін айтты. Мысалы, Ойылдың төменгі сағасын жағалай қоныстанған ауданның 18 мың халқы жалпы саны 100 мың ұсақ жандық, 40 мың ірі қара мал бағып отыр.

– Бүгінгі көтеріліп отырған мəселе – Қызылқоға ауданы тұрғындары үшін өте маңызды жайт. Соңғы рет бұл өлкеге кемерінен асқан тасқын су 1997- 1998 жылдары келді. Содан бері су деңгейі жылма-жыл төмендеп барады. Яғни, біз көтеріп отырған проблема кешелі-бүгінді болған қиындық емес. Соңғы үш жылда судың келуі мүлдем азайып кетті. Биыл өзен сағасы үзіліп, шіруге айналды. Осыған орай Тайсойған жерінен плотина салу туралы ұсыныстар айтылып еді. Бұған дейін өзен бойында екі су қоймасының бірі – Миялының іргесіндегі Ералы су қоймасына осыдан үш жыл бұрын қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді. Оның суды реттейтін алты қақпасы бар. Сондықтан, Тайсойғаннан плотина салудың қажеттілігі жоқ. Өр суы мөлшерден көп келген жағдайда барлық жұмысты ұйымдастыруға дайынбыз

Су тапшылығы – үлкен табиғи зардап. Мұны шешу үшін ғылыми мамандар арқылы өзенге келіп құятын бұлақ көздері, жерасты суының деңгейі туралы ғылыми тұжырымдамалар жасалуы керек. Сондай-ақ, су көздерін, арналарды қоға, қамыс, малдың қиынан тазартуды да кешіктірмей қолға алған дұрыс. Бұл мəселе дер кезінде көтеріліп отыр. Енді тек сөзбен зерделеп айтып қоймай, ғылыми тұрғыда зерттеп, іске кіріскен жөн. Осыған орай, екі облыстың əкімдігі, экологтар мен су мамандары бірлескен жұмысқа кірісуі керек. Ғылыми ұсыныстар болса, Атырау облысының əкімдігі қолдауға дайын, – деді Əлібек Ибатоллаұлы.

Ойылдың бастауында отырған Мұғалжар ауданы əкімінің орынбасары Нұрбол Ержанов та су деңгейінің азайғандығын растады. Ал, Темір ауданы өкілдерінің ақпаратын жиын барысында ести алмадық.

– Соңғы екі жылда судың көлемі азайды. Оның себебін өзеннің тасымауы, қыста қар мен жазда жауын-шашынның аз болуынан деп есептейміз. Енді бұл мəселені ғылыми тұрғыда зерттеп, екі облыста да күн тəртібіне қойып, шешу керек. Ойыл ауданы аумағы бойынша өзен бойында бөгелген бөгеттер жоқ, – деді Ойыл ауданы əкімінің орынбасары Асылан Кенжебаев. Су қоры – мемлекеттің меншігі Биыл 9-11 қыркүйек күндері Қызылқоға ауданы əкімінің

қолдауымен арнайы топ құрылып, Ойыл бойына экспедиция жасап келіпті. – Ойылдың қазіргі жағдайы Қызылқоға ауданының əлеуметтік жағдайына зор əсер етіп отыр. Өзеннің 280 шақырымы – біздің аудан аумағында. Өзеннің арнасын толтырып су келмегендіктен, ауданды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған Тайсойған жерасты суының да қоры азайып келеді жəне тереңдеп барады. Ойыл бойын аралап келген экспедициялық топтың қорытындысы бойынша, өзен арнасы тазартылса жəне бұл мəселе республикалық деңгейде көтеріліп, нақты ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілсе деген бағытта жұмыс жасап жатырмыз, – дейді Қызылқоға ауданының əкімі Нұрсұлтан Бисембиев. Экспедиция құрамында болған Миялы село сының тұрғыны Есенбай Нұровтың айтуына қарағанда, Ойылға құятын Қиыл, Кенжəлі өзендерінің иіндері қалың қамыс, қоға мен құба талға толы.

– Тарихқа көз жіберсек, 1843 жылы Ресей империясының Санкт-Петербург ғылым академиясының корреспондентмүшесі Н.И.Ханыков Солтүстік Каспий маңы мен Мұғалжар тауларынан бастау алатын өзендерді жан-жақты зерттеген. Оның жазбаларында: «Ойыл, Жем, Сағыз өзендері батыс бағытқа көлденең ағады. Сол себепті ағысы өте жай. Өзен бойындағы бұлақ көздерін балдыр мен қамыс, қоғалар бітейді. Жаздыгүні суы құрғап, қыста түбіне дейін қатып қалмас үшін өзен бойын мекендеген малшылар бұлақ көзін өз күшімен тазалайды» делінген. Автордың бұл гипотезасы дұрыс деп ойлаймын. Себебі, өзен көлденеңінен жай ағатын болған соң ағысты қамыс пен қоға тежеп тастайды да, таудан ағатын бұлақ көзі бітеліп, ғұмыры қысқа болады, – деп, тұжырым айтқан Есенбай Сəмекұлы көзімен көрген жайттарды да баяндап берді.

– Мұғалжар ауданының Талдысай, Еңбек ауылдарының арасындағы заңсыз салынған плотина бүгінде 1 млн. текше метрден астам су ұстап отыр. Жеке қожалықтың 3 мың бұқасын бағуға соншама суды бөгеудің қандай қажеттілігі бар? ҚР Су Кодексінің 8-ші бабы бойынша су қорына меншік құқығы тек мемлекетке тиесілі. Ал, Кодекстің 17-ші бабында «су нысандарын бірлесіп пайдалану барысында ағын судың төменгі жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделері бірінші кезекте қанағаттандырылуға тиіс» делінген. Яғни, су пайдалану құқығын жүзеге асыруда бірбіріне зиян келтірмеуге міндетті. Ал, біздегі жағдай мүлде басқа. Ойыл экологиялық апаттың алдында тұр. Шындыққа тура қарайық, – деп наразылық танытты.

Адам факторы анықталған жоқ – Ойыл өзенінің бойында ешқандай бөгет те, плотина да жоқ, – деп сөзін бастады Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллин. – Қазіргі су көлемі жалпы судың 60-70 пайызын құрайды. 2018 жылдан бері су тасыған жоқ. Ойыл өзені бойында Тамдыкөл жəне Ералы лимандық суару жүйесі су тораптары бар. Ал, 1960-1970 жылдары сай-салаға салынған бөгеттердің дені бұзылды, пайдасыз деуге болады. Өзенге қалыпты деңгейде келгенде 100 млн-нан астам текше метр су келеді. Сол кезде судың ағысымен қамыс, қоға, тал ағып кетеді.

Бұл – өзеннің өзін-өзі тазалайтын табиғи қасиеті. Əр өзеннің жағдайы қыста түскен қар мен жердің ылғалдылығына тəуелді. Қыста жерге тоң тұруы керек. Тоң тұрмаса өзенге су келмейді. Биыл қыста аяз болғанымен, қар қалың болмады. Осылайша, екі су қоймасы да толған жоқ. Бұл – табиғаттың құбылысы. Оған бола біреуге айып арту дұрыс емес. Бүгінде ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты су көздерінің деңгейін түсірмей, табиғи қалыпты сақтап қалуға жұмыстанып жатырмыз, – деді ол.

Айта кетейік, инспекция басшысы – аталған экспедиция құрамында Ойыл бойын көзімен көріп келген жандардың бірі. Ақтөбелік эколог Ақылбек Дадиннің айтуынша, бұл облыс деңгейінде шешілетін мəселе.

«Жергілікті əкімдер, экология департаменті судың арнадан асып далаға жайылмауын қадағалауы керек. Тиісті органдар өз міндеттерін дұрыстап орындаса өзгеретін жайттар бар» деді ол. Ауыз суға төнген қауіп – Қаракөл мен Қарабау – Ойылдың бойында ең шеткі орналасқан ауылдар. Екі ауылға биыл мүлдем су келген жоқ. Су – тіршілік көзі. Сағадан ағып келетін судың жоқтығынан, Тайсойғандағы жерасты суы азайып кетті. Күндердің күнінде Ойыл тартылса, ауыз сусыз қалуымыз да мүмкін.

Адам өмірі малдан қымбат емес пе? Менің жеке ойым, судың формуласы Н2О-ны білмейтін адам жоқ. Яғни, су құрамындағы оттегі азайғандықтан, су буланбайды да, жауын мен қар жаумайды. Соны ескеру қажет шығар. Шағын бұлақтардың көзін ашқанмен, жылымшы аққан су 800 шақырымға жетпейді.

Бəрібір жаңбыр мен қар керек. Тасқын су келсе кішігірім бөгет, артық-ауыс заттарды өзі-ақ шайып кетеді. Бүгінде ауада, топырақта, суда зиянды заттар көбейіп кетті. Сондықтан, ғылыми тұрғыда зерттеу əбден қажет, – деді Қызылқоға ауданының Қаракөл орта мектебінде ұзақ жыл биология пəнінен білім берген ұстаз Жалғас Мұқади. Қаракөл ауылының тұрғыны Ернұр Шəріптің сөзі де осы тұрғыда өрбіді. Соңынан қайтадан сөз кезегі тиген Атырау облысы əкімінің орынбасары Ə.Нəутиев қалай болғанда да, зерттеу қажеттігін баса айтты.

 – Сексенінші-тоқсаныншы жылдардағы зерттеу бойынша Қызылқоға ауданындағы жерасты су қоры 27 жылға жетеді. Тайсойған – соның ішіндегі ең үлкені, кезінде тəулігіне 20 мың текше метр су берген. Қазіргі есеп бойынша Тайсойғанда 5-6 жылға жететін қор бар. Су көздерін зерделеу мақсатында Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігімен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Көбі ащы су көздері, соларды тұшытып пайдалануды да жоспарға енгізіп, тиісті қызметтер атқарылуда, – деді Атырау облысы əкімінің орынбасары Əлібек Нəутиев.

 Жиынды ұйымдастырушы Ақтөбедегі С.Бəйішев атындағы медициналық колледждің оқытушысы Нұрлан Есенғазы онлайн конференцияның жазбасын сақтап, екі облыстың əкімдігіне жолдайтынын жеткізді.

Бұл – өзеннің өзін-өзі тазалайтын табиғи қасиеті. Əр өзеннің жағдайы қыста түскен қар мен жердің ылғалдылығына тəуелді. Қыста жерге тоң тұруы керек. Тоң тұрмаса өзенге су келмейді. Биыл қыста аяз болғанымен, қар қалың болмады. Осылайша, екі су қоймасы да толған жоқ. Бұл – табиғаттың құбылысы. Оған бола біреуге айып арту дұрыс емес. Бүгінде ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты су көздерінің деңгейін түсірмей, табиғи қалыпты сақтап қалуға жұмыстанып жатырмыз, – деді ол. Айта кетейік, инспекция басшысы – аталған экспедиция құрамында Ойыл бойын көзімен көріп келген жандардың бірі. Ақтөбелік эколог Ақылбек Дадиннің айтуынша, бұл облыс деңгейінде шешілетін мəселе.

«Жергілікті əкімдер, экология департаменті судың арнадан асып далаға жайылмауын қадағалауы керек. Тиісті органдар өз міндеттерін дұрыстап орындаса өзгеретін жайттар бар» деді ол. Ауыз суға төнген қауіп – Қаракөл мен Қарабау – Ойылдың бойында ең шеткі орналасқан ауылдар. Екі ауылға биыл мүлдем су келген жоқ. Су – тіршілік көзі. Сағадан ағып келетін судың жоқтығынан, Тайсойғандағы жерасты суы азайып кетті. Күндердің күнінде Ойыл тартылса, ауыз сусыз қалуымыз да мүмкін.

Адам өмірі малдан қымбат емес пе? Менің жеке ойым, судың формуласы Н2О-ны білмейтін адам жоқ. Яғни, су құрамындағы оттегі азайғандықтан, су буланбайды да, жауын мен қар жаумайды. Соны ескеру қажет шығар. Шағын бұлақтардың көзін ашқанмен, жылымшы аққан су 800 шақырымға жетпейді. Бəрібір жаңбыр мен қар керек. Тасқын су келсе кішігірім бөгет, артық-ауыс заттарды өзі-ақ шайып кетеді. Бүгінде ауада, топырақта, суда зиянды заттар көбейіп кетті. Сондықтан, ғылыми тұрғыда зерттеу əбден қажет, – деді Қызылқоға ауданының Қаракөл орта мектебінде ұзақ жыл биология пəнінен білім берген ұстаз Жалғас Мұқади.

Қаракөл ауылының тұрғыны Ернұр Шəріптің сөзі де осы тұрғыда өрбіді. Соңынан қайтадан сөз кезегі тиген Атырау облысы əкімінің орынбасары Ə.Нəутиев қалай болғанда да, зерттеу қажеттігін баса айтты.

– Сексенінші-тоқсаныншы жылдардағы зерттеу бойынша Қызылқоға ауданындағы жерасты су қоры 27 жылға жетеді. Тайсойған – соның ішіндегі ең үлкені, кезінде тəулігіне 20 мың текше метр су берген. Қазіргі есеп бойынша Тайсойғанда 5-6 жылға жететін қор бар. Су көздерін зерделеу мақсатында Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігімен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Көбі ащы су көздері, соларды тұшытып пайдалануды да жоспарға енгізіп, тиісті қызметтер атқарылуда, – деді Атырау облысы əкімінің орынбасары Əлібек Нəутиев.

Жиынды ұйымдастырушы Ақтөбедегі С.Бəйішев атындағы медицина -лық  колледждің оқытушысы Нұрлан Есенғазы онлайн конференцияның жазбасын сақтап, екі облыстың əкімдігіне жолдайтынын жеткізді.

P.S. «Ойыл қайда-а-а? Жем қайда-а-а? Сағыз қайдаа-а?..» Әуелете шырқалатын «Ақерке» әніндегі үш өзеннің де халі мүшкіл. Арнасы кепкен өзеннің саласы көз алдымнан кетер емес. Жүрегімдегі тебіреніс ән бе, әлде аза ма, беймәлім. Асан бабаның арғы дәуірдегі азалы жыры енді жоқтауға айналмаса екен!..

 Салтанат АҚТӘЖИЕВА

https://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-pandemi%d1%8fmen-kureske-zhumyldyrylgan-medicina-qyzmetkerlerine-2-mlrd-145-mln-tenge-tolendi-video/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз