Мектепте қаржы жинау – заңсыз әрекет

Білім Жаңалықтар Журналистік зерделеу Қоғам Құқық

Atr.kz/28 қаңтар, 2019 жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуына зор пайдасы тиетін он бағыт ұсынған болатын. Соның екінші бағыты – жемқорлықты жою.

Таяуда «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен арнайы мониторингтік топтың өткен жылы атқарған жұмысының есебі тыңдалды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Айбек Крамбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Ұзынжас, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова мен проректоры Олжас Сүлейменов қатысып, қоғамдық кеселге байланысты азаматтық ұстанымын білдірді.

Жұртшылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тартуды, қоғамдық бақылаудағы өзекті мәселелерді талқылаған жиында «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Әдиева жобалық кеңсенің халық пен мемлекет арасындағы алтын көпірге айналғанын атап айтты.

«Кез келген ортада пара беру мен пара алудан аулақ болып, жаңарған қоғамды қалыптастыру – баршамыздың міндетіміз. Сананың саяздығынан адалдықты – алауыздық, әділдікті – алаяқтықпен алмастырып, ұрлау, жымқыру секілді құбылыстар ел дамуын кері тартып отыр. Өткен жылы кеңсеге 120 арыз түссе, оның 70 пайызы өз шешімін тапты. Сондайақ, азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында 311 «Адалдық дүкені» ашылды» деді Альфия Дәулетқалиқызы.

Ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі біраз істі тындыр
ды. Атап айтқанда, 45 мемлекеттік мекеме «open space» форматына көшірілді.

Ал, 312 мекеменің басшысы кабинеттерін босатып, ғимараттың бірінші қабатынан орын алды. Кеңсе жетекшісі атап өткендей, қ о ғ а м д а п а р а с а т т ы л ы қ т ы қалыптастыру бағытында департаментпен бірлесіп елуден астам мәдени шара жүзеге асқан. Әсіресе, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелеуге назар аударылды. Соның бірі – облыста 180-ге жуық білім беру ұйымындағы «Парасатты мектеп» жобасы. Сенім мен ашықтық жауапкершіліктен басталады.

«Адалдық алаңы» дәл осы қағиданы ұстанып, қала бойынша «Кондукторсыз автобус» жобасын іске қосты. Жобалық кеңсенің жұмыс тобы «бұл азаматтардың бойында жауапкершілік пен парасаттылықты қалыптастырады» деп нық сеніммен айтады. «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс ауқымын кеңейтуді де назардан тыс қалдырмаған. Кеңсенің жеті ауданда ашылған филиалы осы жылдың ақпан айынан бастап ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін болады. А л , а р н а й ы м о н и т о р и н г т і к топтың жетекшісі Амангелді Абдолов аталған бастамашыл топтың ауқымды жұмыс атқарғанына тоқталды.

« А р н а й ы мониторингтік топтың да жетістіктері аз емес. Мәселен, «жасырын тұтынушы» әдісі арқылы 103 билетсіз жолаушы мен 39 техникалық кемшіліктер анықталды. Сондай-ақ, 3137 кг заңсыз жүк тасымалдау дерегі белгілі болды. Бұл кемшіліктің барлығы бейнекамераға жазылып, кінәлілер жазаларын алды» дейді Амангелді Аманиязұлы.

Ж а л п ы , а р н а й ы мониторингтік топ «ҚР 20152025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына» сыртқы талдау және бағалау жүргізеді. Осыған сәйкес, «Атаулы әлеуметтік көмек» тағайындау барысында кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізген. Оның қорытындысы бойынша агенттікке тоғыз ұсыныс жолданды.

Білім саласында да жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында топ мүшелері өткен жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде магистратураға түсушілердің кешенді тестілеуіне бақылау жасалды. Нәтижесінде, кіреберістегі тексеру барысында 435 телефоны алынған үміткерге акт толтырған. Мұндай бақылаулар биылғы ҰБТ тапсыру барысында да жалғасатын болады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың нақты жолдарын ұсынған болатын. Бұдан туындайтын міндеттерді орындау үшін С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат штабы құрылды.

Аталған университеттің проректоры Олжас Сүлейменовтің жетекшілігімен жұмыс жасайтын штабта халықпен сындарлы диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту көзделіп отыр. Тұрмыстық жемқорлықты жою және кең ауқымды бақылауды қамтамасыз ету бастамасы белсенді жастардың араласуымен жалғасын таппақ.

Жиында қозғалған мәселенің бәрі де халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға көмектеседі. Қоғам мен мемлекеттік аппарат арасында тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық орнату – сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ жерде мықты және заманауи мемлекет құрудың басты факторы. Сол себепті, қоғамдық бақылау мүшелерімен мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет алушы азаматтарға қолайлы жағдай жасауды жандандырғалы отыр.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған