Мектеп директорының жалақысы – енді жаңа жүйеде…

63 main Білім

Atr.kz/14 қараша, 2019 жыл. Бүгінде мектеп директорларының жалақысы кейбір мұғалімдердің еңбекақысынан да төмен.

Өйткені, өз санаттарын көтерген педагогтарға үстемеақылар төленеді. Ал, бұл жүйе мектеп басшыларына қарастырылмаған. Бірқатар директорлық вакансиялардың бос тұруының да бірден-бір себебі осы. Бұл ретте мәселе қалай шешімін табады?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың мәлімдеуінше, бір мектепте 200 бала оқыса, кейбір білім ордаларындағы бала саны – 1200. Осы орайда өзіне жүктелген міндеттерді тиімді атқаратын директорлар бар және бұған керісінше жағдай да кездеседі.

«Сондықтан, мектеп басшысына, меңгерушілерге, әдіскерлерге қолдау көрсету қажет. Қазір Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені үстемеақы жолымен шешуді қарастыруда» дейді Асхат Қанатұлы.

Министрдің айтуынша, жалақыны көтеру көлемі дифференциалды және еңбек өтілі мен санатқа тікелей байланысты болады. Бірінші санат үшін еңбекақыны 100 пайызға дейін көтеру жоспарланған. Ал, мұғалімдердің жалақысы Мемлекет басшысының алдағы төрт жылда педагогтардың жалақысын кемінде екі есеге арттыру туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асады.

«Оның үшжылдық қаражаты бүгінде бюджет жобасында қарастырылған. Қазір де педагогтар тарапынан еңбекақының қалай көтерілетіні туралы сұрақтар көптеп түсуде. Мұнда базалық лауазымдық еңбекақы емес, қызметтік еңбекақы туралы айтып отырм ы з . Сәйкесінше , қызметтік жалақымен бірге, үстемеақылар да көбейеді. Осылайша, әріптестеріміздің жалақысын айтарлықтай арттырамыз» дейді министр.

Мұның барлығы білім жүйесіне білікті кадрлар тарту және мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін жасалып жатқан жұмыстар.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз