МЕДИА-ФОРУМ АЯСЫНДА

Бейсенбі күні еліміз аймақтарының 14 қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары мектеп медиа-форумы аясында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне келді.

Оқушылармен кездесу барысында ұйымның мақсаттары мен Орталық коммуникациялар қызметінің міндеттері туралы оның директоры Ержан Бабақұмаров жан-жақты баяндады. Ол аталмыш қызметтің негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыру және ол туралы қоғамды ақпаратпен кеңірек қамтамасыз ету үшін құрылғандығын атап өтті.

Оқушылар Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін өткізуге арналған баспасөз мәслихатына қатысты. Бұдан соң  Зияткерлік мектептің шәкірттері республикалық телерадио кешендерінің студиялары мен түсірілім павильондарын аралап, Қазақстанның жетекші журналистерімен жүздесті. Қаламгерлер өз кезегінде балаларға заманауи медиа-индустрия саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Экскурсиядан соң оқушыларға «Орталық коммуникациялар қызметіне келудегі әсер» атты шығармашылық байқауға қатысу жөнінде ұсыныс жасалды. Жеңімпаздар әлеуметтік желілер мен ortcom.kz сайтында ашық дауыс беру арқылы анықталып, ең үздік шығарма иелері естелік грамоталармен марапатталатын болады.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз