Махамбет Досмұхамбетов Атыраудағы әлеуметтік нысандардың құрылысы барысын қарап шықты (+ВИДЕО, ФОТО)

ATR.TV Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Экономика

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қаладағы әлеуметтік және тұрғын үй нысандарының құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атыраудағы әлеуметтік нысандардың құрылысы барысын қарап шықты.

Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атыраудағы әлеуметтік нысандардың құрылысы барысын қарап шықты.

Опубликовано Новости Атырау Понедельник, 10 августа 2020 г.

Өңір басшысы Бейбарыс даңғылының көпірінен жастар демалыс саябағына дейінгі жағалау бөлігін реконсрукицялау барысымен танысып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың кемшіліктеріне тоқталды. Нақтырақ айтқанда, бұл жерде қоғамдық дәретханалар, полиция бекеттері, пандустар мен тактилді таспалардың жоқтығын сынға алды. Мердігерлер барлық ескертулерді түзететіндерін жеткізді. Айта кетейік, жұмыстың аяқталу мерзімі – 2020 жылдың қыркүйек айы. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 93 пайызы аяқталған.

Бұдан бөлек, Махамбет Досмұхамбетов Атырау шағын ауданындағы сумен жабдықтау учаскесінің құрылысымен танысты. 1989 жылдан бері келе жатқан сумен жабдықтау жүйесі ескірген, сол себепті мұнда төтенше жағдайлар жиі болады. Жаңа полиэтилен су құбырының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін Атырау шағын ауданы мен Атырау-2 ықшамауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету жақсаратын болады.

Кейін облыс әкімі «Ерик-Мостовой» каналының санитарлық тазалығы мен канализациясын тексерді. Мұндағы жұмысты «Спецавтобаза» ЖШС атқарады. Бүгінгі күні 210 972 м2 су сорылып, канал бойындағы шөпті шабу жұмыстары жүргізілген. Барлық жұмыстар аяқталған соң, канал толығымен тазаланады. Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, бұл масалардың көбеюін болдырмауға да оң әсерін тигізеді.

Аймақ басшысы Нұрсая ықшам ауданындағы
240 шаршы метрлік екі тұрғын үйдің құрылысын да аралап көрді. Құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Қазіргі уақытта бұл жерде аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі – 2020 жылдың тамыз айы.

  • 200 пәтерлік екі тұрғын үйді пайдалануға беру жұмыстары аяқталуда. Бір айдың ішінде олар толық дайын болуы керек. Береке шағын ауданында тағы екі үйдің құрылысы бітуге жақын. Осы жұмыстар аяқталысымен апатты жағдайдағы жатақханалардың тұрғындары жаңа жайлы тұрғын үйге қоныс аударуға мүмкіндік алады, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Одан соң Махамбет Досмұхамбетов жәл осы жерде магистралдық жылу желілерін жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының барысымен, сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 40 көпқабатты тұрғын үй мен «Заманауи-Строй» кешеніндегі 12 көпқабатты тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымының құрылысымен танысты.

Бүгінде Нұрсая ықшамауданында пайдалануға жарамсыз болып қалған жылу және ыстық сумен жабдықтау желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін 97 көппәтерлі тұрғын үй мен № 40 орта мектеп жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіледі, аяқталу мерзімі осы жылдың тамыз айының соңына жоспарланған.

Одан әрі облыс әкімі «Жұмыскер» шағын ауданындағы қосалқы стансаны қарап, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бүгінде «Атырау-Жарық» АО мамандарымен бірге қосалқы стансаны қосуға арналған жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Қазіргі уақытта қажетті материалдарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі пайдалануға берілу барысын күнделікті қадағалап, жұмысты қысқа мерзімде аяқтауы тиіс.

Оқу жылы жақындаған сайын жаңадан салынған мектептерді пайдалануға беру мәселесі туындайды. Бүгінде өңірде 10 мектеп пен 5 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Жұмыскер және Самал шағын ауданындағы екі мектептің соңғы жұмыс кезеңін тексеріп шықты.

  • Белгіленген жоспарға сай, 600 орындық мектептер осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілген еді. Алайда, мердігерлер барлық жұмыстарды 15 қыркүйектен кешіктірмей аяқтауды жоспарлап отыр. Жұмыскердегі Ғани Мұратбаев атындағы мектеп те тамыз айының аяғында пайдалануға беріледі, – деді аймақ басшысы.

Қоғамдық көліктің жұмыс істеу мәселелері де облыс әкімшілігінің бақылауында. Өңір басшысы автобус депосының жұмысымен де танысты. Облыс әкімі карантин режимі жеңілдетілген сәтте қоғамдық көліктер қатынайтындығын атап өтті.

  • Әлі де атқаратын біраз жұмыс бар. Біз қосымша 170 автобус сатып алдық. Оның ішінде 10 автобус қала маңындағы бағыттарда, аудандар арасында қатынайтын болады. Ал, қалғандары облыс орталығында. Бұрын сатып алынған автобустарда сұйытылған газ пайдаланылған болса, бұл автобустар сығылған табиғи газбен жүреді. Сол үшін метан құю стансасы салынады. Бұған бір жарым ай уақыт қажет, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Аймақ басшысы нысандарды аралап шыққан соң қала әкімшілігіне барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысына күнделікті бақылау жүргізуді тапсырды. Ал, мемлекеттік органдар мен мердігерлік компаниялардың басшыларына жұмыстарды уақтылы және сапалы жүргізу міндеттелді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған