Мұнайлы шаһардың шырайлы шағы

мереке нақыштары кала Жаңалықтар

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын болды. Оған қаладағы өндірістік кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары, қаланың Құрметті азаматтары, еңбек және соғыс ардагерлері, қоғамдық ұйымдар мен қала жұртшылығы өкілдері қатысты.

%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5-%d0%bd%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d1%88%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d0%b0

Еліміздің Мемлекеттік Әнұранын шырқаумен басталған мерекелік шарада қала әкімі Серік Шәпкенов сөз сөйлеп, атыраулықтарды Тәуелсіздіктің ұлы мерекесімен құттықтады. Ол өткен ширек ғасырда мұнайлы өңірдің бас шаһарының өткен тарихы мен бүгінгі жасампаз істерін, әр салада қол жеткен табыстарды саралады.

Тәуелсіздік жылдарында шаһар  халқының саны 100 мың адамға өсті. Осыдан он жеті жыл бұрын қаладағы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 12 млрд. теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 178 млрд. теңгеге жеткен. Инвестиция тартуда республика көлемінде жетекші орынға ие Атырауда 2010 жылдан бері Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына сай 52 жоба жүзеге асырылды.

Атырауда нарықтық экономиканың тірегі – шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Егер 1998 жылы небәрі 5800 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 31,4 мыңға жетіп, 18,4 есеге артты.

Қалада әлеуметтік мақсаттағы нысандар қатары жыл сайын көбейіп, шаһар шырайын айшықтап келеді. Әсем де сәулетті тұрғын үй кешендері, мектептер мен ауруханалар, мәдениет ошақтары, спорт ғимараттары мен кәсіпкерлік нысандары бой көтерді.

Салтанатта  облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев сөз алып, жиналғандарды  облыс әкімі атынан құттықтады. Ол Елбасы Жарлығымен Тәуелсіздік мерекесіне орай марапатталған бір топ азаматқа облыс экономикасының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалін тапсырды. Марапат иесі атанғандардың қатарында әріптесіміз, «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Нұрлан Қабылов та бар.

Салтанатты жиын соңы қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз