МҰНАЙШЫҒА – ҚҰРМЕТ

Қазақ мұнайының тарихында Шырдабаевтар есімі ерекше орын алады. Осы тұтас әулеттің бұл саладағы еңбек өтілінің өзі мың жылдан асып кетті.
Ағайынды мұнайшылардың бірі – экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Эмбаведьойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Мағауия Тәжіғараұлы Шырдабаев.
Жақында оған Жылыой ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. Ол мұндай қошаметке қазақ мұнайының қарашаңырағы саналатын өңірдің 85 жылдығы қарсаңында ие болды.

Ұзақ жылдар бойы мұнай-газ саласында талмай тер төгіп келе жатқан жерлесіміз еңбек жолын қарапайым инженерден бастап, кезінде «Ембімұнайгаз» өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары, партия комитетінің хатшысы сынды лауазымдарды атқарған. Ал, ел тәуелсіздігінің алғашқы таңдарында нарықтық қатынастардың заңдылықтарына орай жеке өндіріс ошағын ашып, дербес мұнай өндіруді қолға алды. Бүгінде Мақат пен Жылыой аудандарында кен орындарын сәтті игеруде.
Міне, осы еселі еңбектерін атап өткен Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасов майталман мұнайшы Мағауия Шырдабаевқа лайықты марапатын тапсырып, оған зор денсаулық, жемісті жұмыс тіледі.

Меңдібай ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз