Көрші елдерден жеткен көмек қоғамдық кеңес бақылауында болмақ

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Әлеумет әлеуеті

Atr.kz/23 шілде, 2020 жыл. Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасынан жеткен гуманитарлық көмек Қоғамдық бақылау кеңесінің бақылауында болмақ.

Осы ретте, Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелері, еріктілермен бірге, қорап ішіндегі жарақтар мен дәрмектерге “тегін таратылуы тиіс” деген мөр басты.

“Жалпы саны 400 мыңға жуық әртүрлі медициналық қажеттіліктер мен дәрілер салынған қап пен қорапшалар, алдағы уақытта медициналық мекемелер мен ауруханаларға қажеттілігіне қарай таратылатын болады.

Көршілес елдерден жеткізілген гуманитарлық жүктің сатылмауы және “жоғалып” кетпеуі, толық, қажетті мөлшерде діттеген жерге жетуі қоғамдық кеңестің жіті назарында болмақ” дейді аталған кеңес өкілі Дәурен Сейтқалиев.

Аман ШАМАР

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған