КОММУНИСТЕР «ЖАСАРЫП» КЕЛЕДІ

*Партия ұйымдарында

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Құрманғазы аудандық филиалының бірінші хатшысы ауысты. Аудандық филиалдың бірінші хатшысы Жасталап Тұсалиевты Құрманғазы ауданына іссапармен барған ҚКХП Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев таныстырды.
Іссапар аясында коммунистер Құрманғазы ауданының әкімі Амангелді Барақатовпен кездесті. Парламенттегі партияның алдағы жұмыс жоспарларымен және жаңа бағдарламасымен таныстырып өткен Ерболат Дәулетқазиев сөз арасында партия қатарында комсомол жастарының көбейіп, олардың саны алты мыңға жеткенін айтты. Одан әрі коммунистерді Құрманғазыда атқарылып жатқан істермен таныстырған аудан әкімі Амангелді Барақатов партиялармен жұмыстың күшейе түсетіндігін жеткізді.


Гүлжан ИНЖЕЛОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз