ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев сайлауда дауыс берді

screenshot 12 10 Жаңалықтар

Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол өз таңдауын «Наз» мемлекеттік би театры ғимаратында құрылған №189 сайлау учаскесінде жасады.

Н.Әуесбаев дауыс беруге сайлауалды штабының басшысымен бірге келді. Ол Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан ұсынылған болатын. Нұрлан Әуесбаев бастаған топ мүшелері Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сайлаушылармен кездесулер өткізген болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз