КЕЛІСІМ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Бейсенбі күні облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Эксон Мобил Қазақстан Инк.» компаниясының директоры Бруно Жарденді қабылдады. Екі жақты кездесу барысында компанияның өңірде атқарып жатқан жұмыстары кеңінен сөз болды.
- Тамыз айынан бастап компания қызметіне біраз өзгерістер енгізілді, - деді компания директоры Б.Жарден. - «Теңізшевройл» ЖШС-нің кеңейту жобасы бойынша сызбамыз мақұлданды. Қазір келісім меморандумын күтіп отырмыз. Сонымен қатар, «Қашаған» кенішінде де жұмысты бастадық. Әлем күтіп отырған мұндай жобаға қатысқанымызға ризамыз.

Аймақ басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы «Қашаған» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан түгелдей хабардар екендігін, мұндай күрделі жобалар әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетіндігін айта келе, ең бастысы, экологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік бағдарламалардың орындалысын бақылауда ұстауды тапсырды.
Сондай-ақ, аталған компания директоры аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында «НКОК» компаниясының ұйымдастырушылық құрылымына өзгерістер енгізу туралы ұсынысымен бөлісті.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.
Суретті түсірген
Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз