КАРАНТИН: Құрылыс қарқыны қалай?

Жаңалықтар Экономика

Аtr.kz/30 сәуір, 2020 жыл. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Амановтың айтуынша, қазір өңірде 62 нысанның құрылысы жүріп жатыр. 44 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы жасалуда.

Құрылыс нысандары, сонымен қатар, құрылыс саласы аймақ экономикасы үшін айрықша маңызға ие. 2020 жылдың бірінші тоқсанында 9 нысан пайдалануға берілді (мәдениет үйі, балабақша, оқушылар мен жастар сарайы, жатақхана, ДСК, т.б.), екінші тоқсанда 8 нысанның құрылысын аяқтау жоспарда бар. Биыл  тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары қарқынын тоқтатпайды.

Өңір басшысы салынған нысандардың сапасы мен қауіпсіздігі, жобалау-сметалық құжаттама дайындау кезіндегі бұзушылықтарға назар аудару керектігін айтты. Себебі, аталған жайттар құрылыс процесін созып, бастапқы жоспарларды өзгертуге себеп болады.
Жиын соңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құрылыс сапасын әсіресе, әлеуметтік нысандарды бақылауға алуды айрықша тапсырды.  

-Нысандар уақтылы  тапсырылуы тиіс. Салынған нысандардың сапасына көңіл бөлінуі керек. Ешқандай сын көтермейтіндері де бар. Бәрі емес әрине, бірақ мұндай деректердің бары рас. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылауды тапсырамын,- деді ол. 

«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған