Енді білім беру саласында ақылы олимпиадалар болмайды

rparapra Білім

Atr.kz/20 ақпан, 2020 жыл. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.                                    

Белгілі болғанындай, аталмыш министрлік барлық деңгейдегі конкурстар мен олимпиадалардың ашықтығын қамтамасыз етуді көздеп отыр. Осы мақсатта бүгінде барлық ақылы олимпиадалар алынып тасталып, министрліктің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуде. Олимпиадаларды толықтай цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

  • Сіз не дейсіз?

Алмабек АБДОЛОВ,

Мақат аудандық білім бөлімінің басшысы:

– Министрліктің бұл бастамасы өте құптарлық. Өйткені, әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларының ақылы олимпиадалар мен конкурстарға қатысуға мүмкіндіктері бола бермейді. Ал, мүмкіндіктері бар ата-аналардың көбіне осындай ақылы түрдегі білім сайыстарына балаларын қатыстыруға қызығушылықтары басым болады. Олардың бірқатарының балалары қосымша білім беру ұйымдарында, жеке репетиторларда да оқып білім алады. Сондықтан, әрбір ата-ана баласының қалай да жетістікке жеткенін қалап, ақылы конкурстарға қатыстыра береді. Ал, шындығында барлық бала бірдей. Олай болса, олардың құқығы да тең дәрежеде қорғалуы керек. Бұл ретте салада енгізіліп жатқан осынау өзгерістерді білім беру ұйымдарына таныстырып жатырмыз. Әрбір ата-ана да мұндай олимпиадалардың маңызды еместігін білуі тиіс.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз