Емханада тегін дәрі

dari COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. Енді COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмек. Барлық препараттарды азамат тіркелген жергілікті емханалардан алуға болады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

«Қазір 1 миллион адамға дәрі-дәрмектер жиынтығы жасақталып жатыр. Жиынтық құрамына 5 түрлі дәрі енгізілген. Бұл амбулаториялық ем қабылдайтын науқастарға тегін таратылады. Демек, коронавирустық инфекция белгілері пайда болса, әлбетте бірінші кезекте 103 телефоны арқылы, жедел-жәрдем көмегіне жүгінесіз. Егер ағзада вирус табылса, онда емханаға жолығу керек. Сол жерде сізге қажетті дәрі-дәрмектер тегін таратылады», деп атап өтті Б. Қожахметов.

Оның айтуынша, осы аптаның аяғына дейін елдегі әрбір емханаға парацетамол, Ибупрофен және Ривароксабан, Апиксабан, Дабигатран сынды антикоагулянттар жеткізілетін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз