ЕҢБЕК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ НЕГЕ БҰЗЫЛДЫ?

Атырауда «Шетелдік қатысы бар кәсіпорындардағы әлеуметтік қақтығыстарды болдырмау және наразылық көңіл-күй әлеуетін төмендету жөніндегі жұмыстар тиімділігін арттыру туралы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Оны облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан жүргізді.

 

Басқосуға ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы Ертай Алтаев, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Әлеуметтік әріптестік орталығының бас менеджері Дос Көшім, облыс прокурорының орынбасары Серік Шалабаев, көршілес облыстар мен бірлескен кәсіпорындар және БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы қарым-қатынастар, еңбек ұжымдарындағы даулардың туындау жайы мен олардың салдары, т.б. кеңінен әңгіме болды.
«Дөңгелек үстел» материалын газетіміздің келесі санында толығырақ жариялаймыз.

М.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз