Бүлдіршіндер #Абай175 челленджін қолдап, ұлы ақынның шығармаларын оқыды (+ВИДЕО)

200810110603747e БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. Абайдың 175 жылдық мерейтойының атап өтілуіне еліміздің бүлдіршіндері де үлес қосып, ұлы ақынның өлең, қара сөздерін оқыды. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі бүлдіршіндердің өнеріне шолу жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 30 мамырында Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 21 қаңтарда елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шара өткізілді.

Сонымен қатар, былтыр Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы оқушының эстафетасын Президент іліп әкетіп, Абайдың өлеңі мен қара сөзін оқу дәстүрі бүгінде әлемге тарап кеткен еді. #Абай175 челленджін еліміздегі бүлдіршіндер де қолдап, ұлы ақынның шығармаларын мәнерлеп оқуға атсалысты. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынамыз.

Бексұлтан Есболұлы, 6 жаста:

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз