Бүгіннен бастап Атырауда қоғамдық көлік енді түнде де қызмет көрсетеді

75108957 947603088955508 7182380655555117056 o Жаңалықтар

Atr.kz/20 қараша, 2019 жыл. Мұнайлы мекен тұрғындары енді түнгі мезгілде де қоғамдық көлік қызметін пайдалана алады.

Мұндай мүмкіндікті «Akzhaiyk Avtopark» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туғызып отыр. Әзірге тәжірибе ретінде «Темір жол вокзалы» – «Авангард» ықшамауданы бағытында қатынайтын №14 автобус бекітіліп отыр. Егер жаңа жоба тиімділігін танытып, тұрғындардан қолдау тапса, өзге де маршруттарға түнгі режим енгізілуі мүмкін.

Айта кетейік, түнгі сапарға шығатын автобустар дүйсенбі мен жұма күндері аралығында – сағат кешкі тоғыздан түнгі үшке дейін, жұма және сенбі күндері – түнгі беске дейін қызмет көрсетеді. Ал, жексенбі күні жұмыс жасамайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз