Біз біргеміз, Атырау: 796,9 млн. теңге кімдерге төленді?

2003201725046801g Жаңалықтар

Аtr.kz/9 мамыр, 2020 жыл. Елімізде тұрғындарды әлеуметтік қолдаудың барлық түрі уақытылы көрсетілу үстінде.

Осыған орай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен төтенше жағдай кезінде жекелеген санаттарға жататын азаматтар екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығымен қамтамасыз етілуде. Осы мақсатқа 40 мыңға жуық адамға 796,9 млн. теңге төленген.

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы да өз тарапынан осы бастаманы қолға алған. Аталған акцияға қатысуға ұсыныс білдірген
«Сенімді құрылыс» ЖШС де қайырымдылық ісін жалғап, көп балалы, жалғызілікті қариялар, мүмкіндігі шектеулі жандар, шаңырағында мүгедек балалары бар отбасылар, аз қамтылған тұрмысы төмен шаңырақтар – барлығы 50 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Еліміздің еріктілері бастаған «BIZBIRGEMIZ» акциясында атыраулық еріктілер мен кәсіпкерлердің, түрлі мекеме мен кәсіпорын ұжымдарының белсене үлес қосуы қуантады.

Лиза ШАЙХАШҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз