Атырауда жазда ауа райы қандай болады

shorodlzh Жаңалықтар

Қазгидромет үш айға арналған болжамды жариялады.

Қазгидромет жүргізген алдын ала зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, жазда еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады. Бұл ретте тек солтүстік аймақтарда қалыпты күн райы сақталады.

«Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында Солтүстік теңіз ауданынан келетін суықтың әсерінен ауа температурасының күндіз +30+38°С-ден +15+20°С-ге дейін төмендеуі мүмкін. Ал, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында кейбір күндері термометр бағаны +40+45°С-ге дейін жоғарылайды деп болжанады. Ыстық күндер нөсер жаңбырлы қатты желмен, найзағайлы салқын күндермен ауысып отырады», – деп мәлім етті Қазгидрометтің басапсөз қызметінен.

Болжамға сай, алдағы 3 айда Атырауда болатын орташа айлық температура:

Маусым – +23,6°С +25,5°С

Шілде – +25,6°С +27,9°С

Тамыз – +23,8°С +26,0°С

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз