Бірлесіп жақсылық жасайық

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Бүгін – жұқпалы дерттен қаза болғандарды еске алып, аза тұтатын күн. Осындай қиын да қауырт сәтте бәрімізді бірлік қана құтқарады. Барлығымыз бір мүдденің маңына топтасуымыз керек. Сонда ғана аурудың алдын аламыз, науқастарды да емдеп аламыз.  

Қазақ елінің күші – бірлікте. Ал, бөлінгенді бөрі жейді. Ендеше, араға іріткі салып жүрген небір арандатушылық пиғылдағы адамдардан сақтанып, бірлесе жүріп жұмыс атқарайық дегім келеді. Қазір әлеуметтік желіде отырып алып, құр көсемшілдік танытатын уақыт емес. Шұғыл іске кірісу керек. Мәселен, мемлекетке алақан жаймай, волонтерлық негізде дәрігерлерге көмек бергеніміз дұрыс. Өз кезегінде, мемлекет тарапынан да еріктілерге барлық жағдай жасалуы тиіс. Осындай бірлескен істе ғана береке болмақ.

Сәрсембай ЖҰБАНИЯЗОВ,

Атырау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған