Балық “барымташылары” басына ма?

Жаңалықтар Құқық

Аtr.kz/11 маусым, 2020 жыл. Жыл сайын жеңсік асты тұтынатындардың қатары көбейіп, сәйкесінше сұраныс та артты.

Сондай-ақ, су айдындарына қармақ салып, оны кірістің көзіне айналдырып, сауданың көрігін қыздырғандар да бар. Әлем болып індетпен күресіп жатқанда заңсыз балық аулайтындардың да бар екені қынжылтады.

Иә, балықтың өсімін молайту және қорын сақтау – мемлекет тарапынан қадағалауды қажет ететін басты мәселе. Осы орайда, «көлеңкелі бизнеске» тосқауыл қоятын шараның бірі – «Бекіре–2020» науқаны биыл да ұйымшылдықпен өтті.

 Біреу балықты бас пайдасы үшін ауласа, енді бірі әуесқойлықпен суға қармақ салады. Көктем мезгілі балықтың уылдырық шашатын кезеңі болғандықтан, бұл мәселеде қырағылық қажет . Облыс т а балық аулаушыларды бақылау жолға қойылғанымен, бәрібір заң бұзушылықтар орын алуда. Мәселен, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында құқық қорғау, табиғат қорғау және ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері табиғат қорғау заңдылығын бұзған 873 деректі анықтады. Ал, әкімшілік жауапкершілікке 551 тұлға тартылса, браконьерлік деректері бойынша 17 қылмыстық іс қозғалды. Екі айлық науқан барысында балық барымташыларына 8,1 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

А т ы р а у о б л ы с т ы қ о р м а н шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Рүстем Қорқытовтың айтуынша, балықты қорғау жұмыстарын бірлесіп атқару маңызды. «Күн сайын Жайық, Қиғаш өзендерінің арналары, сондай-ақ Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің жағалауы сүзіліп, браконьерлік аулау құралдарынан тазартылды. Шара барысында Жайық- Каспий бассейнінен 946 мың бірлік заңсыз балық аулау құралы алынды» дейді Р.Қорқытов.

Тіпті, биылғы маусымда да карантин жағдайына қарамастан заңсыз балық аулау деректерінің тіркелгені өкінішті. Балық қорғау, полиция және шекара қызметі заңды белден басқандарды құрықтаған. Заңсыз айналымнан 9,9 тонна балық, оның ішінде 337,5 келі бекіре тұқымдас балық, 15,44 келі бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы мен 106 бірлік жүзу құралы мемлекет пайдасына тәркіленген. Осылайша, заңсыз балық аулаудың, сатып алу мен тасымалдаудың жолын бөгеді.

Б ү г і н г і к ү н і з а ң ж ү з і н д е жауапкершілікті күшейтсе де браконьерліктен біржола құтылу мүмкін болмай тұр. Табиғат қорғаушылары «халық заңды дұрыс білмегендіктен жиі құқық бұзушылыққа барады» деген уәж айтады. Алайда, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтыны белгілі.

Б и ы л д а н б а с т а п а ң ж ә н е балық аулаушыларға қатысты заң қатаңдатылды. Тәртіпке бағынбағандардың ісі енді қылмыстық жазаға теңеліп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал, инспекторлар мен олардың туысқандарының өміріне қауіп төндірген қаскөйлер 15 жылға дейін түрмеге қамалатын болды.

Жалпы, елімізде кез келген адамға салмағы бес келіге дейін балық аулауға рұқсат етілген. Тек арнайы қағазы болуы керек. Бес келіден асып кет­се, балықтың түріне қарай айыппұл салынады. Ал, егер тор, электрлі қармақ сияқты құрылғылармен ауласа, қылмыстық жауапқа тартылады.

Статистикаға көз жүгіртсек, өткен жылы республика аумағында заңсыз балық аулау бойынша 7 мыңға жуық заң бұзушылық анықталып, 5 мыңнан астам адамға әкімшілік, 41 адамға қылмыстық жауапкершілік жүктелді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған