Балаларға – тегін медициналық көмек

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/21 қараша, 2019 жыл. Келесі жылдан бастап  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 18  жасқа дейінгі балалар сақтандыру пакетіндегі барлық қызметті тегін алады. Соның ішінде стоматологиялық көмек пен вакцинацияны да тегін пайдаланады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының хабарлауынша,  балалардың сирек кездесетін ауруларын емдеу үшін  тегін дәрі-дәрмек көлемі екі есеге өседі.

Бұл күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне де қатысты. Олар мемлекет есебінен сақтандырылады. Яғни,  мемлекет 18 жасқа дейінгі әрбір бала және әрбір студент үшін ай сайын орташа жалақының бес пайызын медициналық сақтандыру қорына аударатын болады, – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған