Атыраудағы Мақат ауданының тұрғындарын не толғандырады? (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Экономика Әлеумет әлеуеті

Atr.kz/22 қаңтар, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданындағы есептік жиынға қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданда кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде, өткен жылы Мақат ауданында 107 жаңа шағын кәсіпкер тіркелген. Сондай-ақ, аймақта төрт түліктің өсімі бар.

Бүгінде барлық мал басы 6 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 26,5 пайызға артқан. Ал, ауданның білім беру саласында да оң өзерістер орын алған. Қазіргі уақытта, апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын білім беру ұйымдары жоқ.

Сондай-ақ, құрылыс саласында да қарқын бар. Бүгінде  Мақат кентінен 2 балабақша құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өткізілген  және 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

  • Бұдан бөлек, Ж.Жұмағалиев көшесінен М.Баймұханов мектебіне дейін жаяу жүргіншілер жолы салынған. Ағымдағы жылы да атқарылатын ауқымды істер көп. Жыл аяғына дейін тұрғын үй және мәдени кешеннің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған