Атыраудағы ауа құрамын енді телефоннан бақылауға болады

117759144 1158162837899531 2143361323470276019 n Жаңалықтар

Atr.kz/13 тамыз, 2020 жыл. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасы негізінде, «Казгидромет» РМК-ны «AirKZ» мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы қосып, атмосфералық ауа сапасының мониторингі жөніндегі Атыру қаласының экологиялық бекеттері бойынша ақпаратқа қолжетімді етіп қолдануға берген болатын.

Қосымшаны әзірлеу барысында «Казгидромет» РМК-ны оны барынша қарапайым және пайдалы етуге тырысып, мұндағы көресеткіштерді әр сағат сайын жаңартылып отыратындай жұртшылыққа қолданысқа ұсынды.

Қазіргі таңда, осы бағытта халыққа қолжетімді ету мақсатында, «Казгидромет» РМК-ның Атырау филиалы AirKZ мобилді қосымшасында ұсынылған атмосфералық ауаның жағдайы жөніндегі мәліметтерді Атырау қаласының жұртшылығына LED-экрандарында орналастырып ұсынуда.

Осы жағдайда Атырау қаласының тұрғындары атмосфералық ауаның жағдайы жөніндегі мәліметтерін Атырау қаласының Қ.Сатпаев көшесіндегі 4 ЛЭД экрандарынан көре алады.

Аман ШАМАР

117827343 1158162874566194 2797770904109848607 n
117842372 1158162897899525 2473512949925266128 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз