Атырауда жаңа білім беру жобасы бастау алмақ

Білім Жаңалықтар

Atr.kz/21 ақпан, 2020 жыл. Биыл облыста мектеп оқушылары үшін ағылшын тілін қашықтықтан оқытатын жаңа жоба басталады.  Бұл  туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы директорының орынбасары Жанар Жұмажанқызы айтты.

«Аталмыш жоба  «NCOC» компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылады. Оқушыларды оқытатын арнайы мамандарды аталмыш компания өздері таңдайды. Ал, жобаға ағылшын тілін мұндай форматта оқып, үйренемін деп ниет білдірген  кез келген мектептің әрбір оқушысы қатыса алады» дейді спикер.

Сондай-ақ, осы жылы «NCOC» компаниясының  қолдауымен Атырау қаласындағы мектептерде оқушыларды таза ауыз сумен қамтуда фильтрі бар су ішетін орындар салынады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған