Атырауда тоңазытқышта өлген сәби оқиғасы бойынша үшінші дәрігер ұсталды

200214184311674a3614804i Жаңалықтар

Atr.kz/16 ақпан, 2020 жыл. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен білгеніміздей, тергеу соты перинаталдық орталық дәрігерлерінің біреуін екі айға қамауға алуды санкциялаған екен.

Мұндай санкция Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері тергеп жатқан перинаталдық орталықтағы нәресте өліміне қатысты қылмыстық іс аясында шықты. Ең сорақысы сол, тергеу нұсқасы бойынша тоңазытқышқа тірі шақалақ салынған.

Ұсталған гинеколог-дәрігер қылмыстық істің үшінші фигуранты болды. Бұған дейін перинатальдық орталықтың бас дәрігері мен гинеколог қамауға алынған еді. Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айының соңында перинатальдық орталық басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstannyң-motsarty-atyrauda-foto/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз