Атырауда темір жол қатынастарының нақты қашан тоқтайтыны белгілі болды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. «Бұл туралы бүгін Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық ​ дәрігері міндетін атқарушы Сүлеймен Əубəкіров № 52 қаулыға енгізілген өзгерістер туралы өткен онлайн брифингте мәлім етті» деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Яғни, белгілі бағыттарға пойыз қатынастары Атырауда 11 шілде күнгі 00 сағат 00 минуттан бастап уақытша тоқтатылады.
«Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын» делінген қаулыда.
Еске сала кетелік, елімізде республика бойынша барлық өңірлерде екі аптаға карантиндік шектеу ​ жарияланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған