Атырауда суға кеткен жігіттің денесі үш күннен соң табылды

Жаңалықтар Оқиға

Аtr.kz/17 маусым, 2020 жыл. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күн бұрын суға кеткен жігіттің денесі бүгін, 16 маусымда сағат 07:15-те табылған.

Бұдан бұрын 27 жастағы жігіт 13 маусымда Жайық өзенінің Геолог кенті тұсындағы жағалауында достарымен демалған. Алайда, арнайы жабдықталмаған жерде шомылып, суға кеткен. Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері оны үш күн бойы іздеген. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа батып кеткен жігіттің табылмай жатқанын хабарлаған едік.

“ҚазАқпарат”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған