Атырауда созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға тегін дәрі беруде кедергілер жоқ

Жаңалықтар

Atr.kz/29 шілде, 2020 жыл. «Емханалар онлайн режимде болғанымен, қан қысымы, гипертония, қант диабеті, астма сынды созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға дәрілерді тегін беруде кедергілер жоқ», – деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

«Кей ​ науқастарға медбикелер дәрілерді үйлеріне жеткізіп тастауда. Ал, кей жағдайда науқастар емханаға келіп, дәрілерді өздері алып кетіп жатыр», – дейді Геолог емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Ақтоты Дүйсен.

Айта кетелік, пандемия жағдайына байланысты, емханалар жанынан мобильдік топтар жұмыс істеп жатыр. Геолог емханасы жанында осындай 6 мобильдік топ бар.

«Егер науқастың жағдайында ауырлау болып жатса, мобильдік топ жеке үйіне барып ем-шара жасайды. Ал, шұғыл жағдайда анализ тапсырушылар үшін, зертханаға онлайн жүйе арқылы жолдама беріліп отыр. Қазіргі уақытта жүкті әйелдерді офлайн режимде қабылдау жалғасуда», – деп атап өтті А. Дүйсен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз