Атырауда «Сергек» камераларының нақты қай жерлерде жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды

0 29 Жаңалықтар

atr.kz/16 қыркүйек, 2020 жыл. Аталған камера іске қосылған уақыттан кейін бір тəулік ішінде 300-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды.

Қыркүйектің онынан бастап Атырауда «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Бұл камералар жолдардың 153 желілік учаскесінде және 51 қиылысында орнатылған.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, «Сергек» бұрын орнатылған бейнекамералармен біріктірілген. Соның арқасында тəртіп сақшылары тек көшедегі көлік жүрісін ғана емес, аулалар мен басқа да қоғамдық орындарды бақылауда.

 – «Сергек» негізінен тоқтау сызығын, үздіксіз сызықтың қиылысын басу, жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өту фактілерін тіркейді.

 Қазіргі уақытта анықталған ереже бұзушылықтар туралы ақпарат өңделуде. Ал, көлік иелеріне айыппұл туралы хабарлама «Қазпошта» арқылы тұрғылықты жері бойынша жеткізіледі. Көлік иесі айыппұлды бір апта ішінде өтеген жағдайда, көрсетілген соманың жартысын төлейді, – деді Қамза Үмбетқалиев.

Жалпы, жыл басынан бері Атырау полицейлері бейнебақылау камераларының көмегімен 151 қылмысты ашты. Облыста барлығы 3 507 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

https://atr.kz/bez-rubriki/immunolog-koronavirus-pandemi%d1%8fsy-qandaj-zhagdajda-a%d1%8fqtalatynyn-ajtty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз