Атырауда санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақыруда

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

atr.kz/28 қыркүйек, 2020 жыл. Атырауда эпидемиологиялық ахуал тұрақты.

Дегенмен, санитарлық талаптарды сақтау керек. Себебі, күн суытқан мезгілде короновирус жұқпасы маусымдық тұмаумен бірге өршіп, пандемияның «екінші кезеңі» басталу қауіпі ықтимал, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Клара Жасақбаева Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

» Қазір облысымызда карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілуде. Бірақ, әлі де босаңсуға болмайды. Алда вирус өршитін суық мезгіл келе жатыр. Сондықтан, көпшілік жерге бармауға тырысып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, маска тағып, қолды сабындап жуу, бір реттік қолғаптарды пайдалану сынды санитарлық талаптарды ұстану маңызды» деді Клара Жасақбаева.

Дәрігердің айтуынша, емхана кешкі 20.00-ге дейін штаттық режимде қызмет көрсетуде. Жоспарлы екпемен қоса тұмауға қарсы вакцина да салынуда.Емханаға келген  пациенттерден дене қызуы анықталса, олар фильтр кабинетке апарылады.


 Егер науқастан COVID-19 жұқпасына күдік немесе тұмау белгісі анықталса  ПТР сынамасы алынып, үйіне қайтарылады. Одан кейін науқас мобильді топтың бақылауында болады.

 Мобильді топ құрамында фельдшер, жалпы тәжірибелік дәрігер, психологтар бар.

Айта кетейік, №3 Атырау қалалық емханасына қарасты 46 мың тұрғынға тоғыз мобильді топ қызмет көрсетуде. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған