Атырауда өткен тəулікте 902 адам коронавирустан жазылып шықты

117956048 1023641911403808 501432968571366442 n COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/15 тамыз, 2020 жыл. «Бұл республика бойынша ең  жоғарғы көрсеткіш. Осылайша, Атырауда коронавирус індетінен жазылып шыққандар 89,8 пайызға жетті»  деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомды, симптомсыз түрімен сырқаттанған науқастардың арасында емделіп шыққандардың барлығы есепке алынып отыр.Жалпы, ел бойынша өткен тәулікте 2083 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 

Аймақтар бойынша тізбектесек, Атыраудан кейін емделіп шыққандардың жоғарғы көрсеткішін Алматы қаласы көрсетіп отыр. Бұл қалада коронавирустан сауығып шыққандар саны 659 адамға жетті. Ақмола облысында 156 адам қатерлі инфекцияны жеңіп шықты.

Еске сала кетелік, Атырауда инфекциялық кереуеттер саны 26 пайызға, провизорлық кереуеттер саны 32 пайызға қысқарды. Карантиндік орындар жабылды.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз