Атырауда «көше саудасына арналған 100 орын» бағдарламасы жүзеге асырылуда

100sauda 2 Жаңалықтар

Atr.kz/3 қазан, 2019 жыл. Аталған жоба  шағын көше саудасымен айналысатын  кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы  «Атырау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Таханов  Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен« Бірыңғай  есеп күні » жиналысында мәлімдеді.

– Өңірдегі кәсіпкерлік секторды дамыту барысында  көше саудасын реттеуге көп көңіл бөлу қажет.  Біз күн сайын осы бағыттағы қызметтеріміздің сапасын жақсартуды назарда ұстауымыз тиіс.  Ол үшін сауда нүктелерін бақылауға алып, олардың  заманауи форматқа және қаланың сыртқы сәулет келбетіне сәйкес келуін   қадағалауымыз керек. Уақыт өте келе заңсыз сауданы болдырмауға тиіспіз , – деді аймақ басшысы жиналғандарға.

Данияр Тахановтың айтуынша, «көше саудасына арналған 100 орын» жобасы аталған мәселелерді  реттеуге әрекет етеді.  Сондай-ақ,  жобаның бағытына сәйкес  3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге  жер жалға беріледі.

– Өздеріңіз білетіндей, жыл сайын кішігірім көше саудасын ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар 1 жылдық мерзімге жер учаскелерін бөледі.  Кәсіпкерлердің  сауда алаңын жабдықтап, орналасуына, сондай-ақ, құйылған қаржыны қайтарып алуға  1 жыл  өте қысқа.   Сол себепті де, аталған жоба ұзақ мерзімділілігімен кәсіпкерлер  үшін ыңғайлы », – деп түсіндірді Данияр Таханов.

Айта кетейік, жер мәселесі екі жолмен жүзеге асырылады.  Әр түрлі әлеуетті  қатысушылардан  1 жер учаскесіне кемінде  4 өтінім түскен жағдайда, учаскелер комиссия таңдауымен ұсынылады.  Ал, 1 жер учаскесіне әр түрлі  әлеуетті қатысушылардан  4  немесе одан да көп өтінім түссе, аукцион өткізілетін болады.

– Осы уақытқа дейін,  100 жер учаскесінің ішінен 68 конкурс өткізілді. Комиссияның қорытындысы бойынша олардың ішінен 35 жеңімпаз анықталды.  Біз олармен фаст-фуд, кофеханалар, көкөністер, тамақ өнімдері, нан өнімдері, ет өнімдері мен компьютерлік қызметтерді сатуға арналған сауда павильондарын салу үшін жер учаскелерін жалға беру туралы келісім жасадық.  Бүгінгі таңда жеңімпаздар Атырау «ӘКК» АҚ бекіткен тұжырымдамаға сәйкес сауда павильондарын орнатумен айналысуда. Орнату мерзімі – 2 ай », – деді Таханов.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер  «Атырау» ӘКК »АҚ сайтында жарияланған тізім бойынша  құжаттар пакетін  өткізу керек.

 Сондай-ақ, аукционның жеңімпазы сауда орнын барлық санитарлық және басқа да талаптарға сай жабдықтауға міндетті.

Жиналыс соңында,  Нұрлан Ноғаев «Атырау» ӘКК »АҚ басшылығына бөлінген жер учаскелерінің санын көбейтіп,  «көше саудасына арналған 100 орын » жобасын кеңейтуге тапсырма берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз