Атырауда коронавирустан 1031 адам айықты

200415141658a3638371d COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. Теңіз кенішінің тағы 16 жұмысшысы инфекциялық стационардан шығарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгін, 19 маусым күні өңірде  он алты адамның COVID-19 індетінен айықққаны белгілі болды. 

–    Теңіз кенішінің он алты жұмысшысынан алынған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен.  14 ер адам мен екі әйел адам инфекциялық стационардан шығарылды, – дейді денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандар саны 1031 адамға жетті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз