Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенді

Жаңалықтар Оқиға

Atr.kz/2 шілде, 2020 жыл. Атырау қаласында көлік жөндеу орталығы өртеніп кетті.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт кеше, 1 шілдеде сағат 21:21-де болған.

«Департаменттің диспетчерлік қызмет пультіне Атырау мөлтекауданында көлік жөндеу орталығының өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Жалын шарпыған аумақтың жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге арнайы қызметтің 17 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Жергілікті уақытпен сағат 22: 56-да өрт толығымен сөндірілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда шетелдік жүк көлігі өртеніп кеткен еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған