Атырауда кардиоорталықтан коронавирусқа шалдыққан 600-ден астам науқас емделіп шықты

0 5 Жаңалықтар

atr.kz/24 қыркүйек, 2020 жыл. Пандемия кезінде Атырау облыстық кардиоорталықтан алты жүзден астам короновирус жұқтырған науқас емделіп шықты, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Бұл туралы Атырау өңірлік  коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облыстық кардиорталық директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиева мәлімдеді. 

Сандуғаш Жұмағалиеваның айтуынша, пандемия басталған тұста кардиорталықта 12 орындық провизорлық стационар қызмет етті. ​ ​
«Пандемия өршіген маусым айында қызметімізді эпидемиологиялық жағдайға негіздеп, дәрігерлер құрамы түгелдей жұмылдырылды. Бүгінгі күнге дейін короновирус жұқтырған 600-ден астам науқасты емдеп шығардық» деді облыстық кардиорталық директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз