Атырауда демалыс күндері екі адам суға кетті

200622123632159a3664488i Жаңалықтар

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. Атырау облысында демалыс күндері 2 адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше, 21 маусымда 2 қайғылы оқиға тіркелген. «21 маусымда Жедел құтқару жасағының қызметкерлері таңертеңгі сағат 8:30-дан Махамбет ауданының Ақтоғай ауылдық округінде Жайық өзеніне батқан 31 жастағы ер адамды іздеді. «Казводхоз» РМК Атырау филиалының сорғы станциясында машинист болып жұмыс істеген ол 20 маусымда сағат 19:00-де арнайы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен.

Екінші оқиға Талғайраң ауылында болды. Мұнда 20 жастағы жігіт сағат 16:10 шамасында Жайық өзеніне суға батқан» -деп хабарлады баспасөз қызметі. Кеше суға кеткендердің денесі табылып, шығарылған. Бұған дейін Атырауда суға кеткен жігіттің денесі үш күннен соң табылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз