Атырауда дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешімін табуда

fb img 1593986009880 Жаңалықтар

Atr.kz / 7 шілде, 2020 жыл. Өңірге екінші күн қатарынан қажетті барлық дәрі-дәрмек жеткізілуде.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары және коронавируспен күрес жөніндегі өңірлік шұғыл штаб төрағасы Нұрлан Таубаев мәлімдеді.

-Кеше және бүгін аймаққа қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді. Олардың алғашқы легі медициналық мекемелерге жіберілді, енді ауруханаларда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың емделуін қамтамасыз ететін дәрілердің қоры жеткілікті. Ал, бүгін жеткізілген дәрілер ертең дәріханаларға таратылатын болады. Алдымыздағы аптаның бейсенбі күні тағы да қор жеткізіледі деп күтілуде. Әкелінетін дәрі-дәрмектердің жалпы көлемі өңірдегі дәрі тапшылығы мәселесін шешеді, – деді Нұрлан Таубаев.

Бұдан бөлек, Нұрлан Таубаев арнайы мониторингтік топ дәріханалардың қызметін қадағалап, дәрі-дәрмек бағасы көтерілген жағдайда қатаң шаралар қолданатынын атап өтті.

Бұл норма мемлекет басшысы қол қойған дәрі-дәрмек бағасын реттеу туралы заңда бекітілген. Мониторинг тобы дәрілердің бағасын қадағалап отырады, егер дәріханаларда дәрі құны шекті бағадан асып кеткендігі анықталса, сол дәріханалар жабылып, лицензиясынан айыруға дейін қатаң шаралар қолданылады. Сондай-ақ, дәріхана басшылығына айыппұл салынады, – деді ол.

Дереккөз: «Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз