Атырауда сағат нешеден кейін супермаркеттер мен сауда орталықтарындағы дәріханалар жабылады?

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Өңірде  кешкі сағат тоғыздан кейін  азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу шектеледі, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы   29 наурыздағы «Атырау облысының аумағында қосымша шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысындағы  толықтыруларға сәйкес, азық-түлік супермаркеттерінің, азық-түлік дүкендерінің, жанар-жағармай бекеттеріндегі сауда нүктелерінің, дәріханалар мен сауда-ойын-сауық орталықтарындағы  негізгі тауарлардың сатылымы  кешкі сағат 20:00-ден таңғы сағат 9:00-ге дейін тоқтайды.

Сондай-ақ, Атырау облысының Бас санитарының  қаулысындағы өзгерістерге сәйкес, жоғарыда аталған барлық сауда субъектілері тауарларды  үйге жеткізіп беруді тоқтатуы тиіс.  
Айта кетейік, 29 наурыздағы Қаулы  өз күшін жоғалтпайды, тек сауда-ойын-сауық орталығындағы сауда объектілерінің қызметіне шектеулер қойылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған