Атырау қаласының ТКШ бөлімінде – жаңа басшы

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Atr.kz/17 ақпан, 2020 жыл. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне Эдуард Айжарықұлы Оспанов тағайындалды.

Эдуард Оспанов 1982 жылы 14 қазанда Атырау облысы, Индер ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті «Тарих және география»;
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты «Құрылыс бакалавры».

2006 жылдан бастап, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы.

2007 жылы жетекші маман ал, 2011 жылы бөлімдегі өндірістік-техникалық және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі,

2015-2019 жылдар аралығында бөлім басшысының орынбасары;

2020 жылдың ақпан айынан бастап «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» басшысы қызметіне тағайындалды.

«Atr-Ақпарат»

Тағы оқыңыз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған