Атырау қаласында 6 мың тоннадай ауылшаруашылық өнімі жиналды

116721236 1151544895227992 1028453278531725254 n Жаңалықтар

Atr.kz/5 тамыз, 2020 жыл. Егіс алқаптарынан 271 тонна картоп жинап алынды. Ал, 3 мың тоннадан аса көкөніс тұрғындардың тұтынуына жарады.

«Сүйлейменов» ЖК шаруа қожалығында қазір егін жинау жұмыстары қарқын алған.

– Жұмыс күші жепегендіктен, біз қалалық әкімдікке сұраныс жасадық. Нәтижесінде, бізге «Жасыл ел» жасағындағы жастар көмекке келді. Мемлекет егін басында еңбек еткен әрбір жастың қалтасына 48 мың теңге еңбекақы құйып отыр. Дәл сондай соманы біз де төлейміз, – дейді шаруа қожалығының окiлi Әлібек Мергенұлы.

Шаруалықтың өнімдерін сатуда еш кедергі жоқ. Негізгі өнімдер Құлсары қаласындағы өндірістік нысандарға жеткізіледі. Кәсіпкердің ондағы бірнеше мекеме басшылармен тұрақты келісімшарты бар. Бау-бақша өнімдері Атырау қаласындағы базар мен сауда орындарына да жеткізілуде. Қызметтік «ГАЗель» көлігі жақын мандағы елді мекен халқына да ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдап, сатады. Қазір жергілікті қарбыз бен қауынның саудасы қызған шақ.

Кәсіпкер, сондай-ақ, сонғы кезде аса жоғары сұранысқа ие қияр бағасының тұрақтануына үлес қосуда. «Дина» базарындағы сауда орнында шаруашылық қияры келісіне 120 теңгеден саудалануда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз