Атырау облысында қатаң карантин ережелерін бұзғандар анықталды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Мобильді топ мүшелері жүргізген рейдтік шаралар кезінде карантин талабын бұзған бірнеше дерек тіркелген.

Рейд кезінде 40-тан аса азық-түлік дүкені, дәмхана мен мейрамханалар тексеріліп, олардың арасында шектелген уақыттан тыс жұмыс істеу фактілері анықталды. Сонымен қатар, 11 шілдеде Аққыстау ауылдық округінде жүргізілген тексеріс кезінде отбасылық жиын-той өткізіп жатқан бір отбасы анықталды. Аталған деректер қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар Атырау қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция басқармасының взвод командирі Жасұлан Камареденовтің айтуынша, түнгі сағат 23:00-ден кейін жүрген 6 көлік иесіне ескерту берілді. Жұмыскер ауылында көлік жөндеу орталығының жұмыс істеп тұрғаны анықталса, түнгі сағат 00:30 шамасында Вокзал маңы ықшамауданында азық-түлік дүкені сауда-саттық жасаған. Рейд кезінде облыс тұрғындарына отбасылық жиын-той өткізбеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ал, кәсіпкерлерге Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен енгізілген талаптарды толық сақтау қажеттігі ескертілді.

Еске салайық, 11 шілде сағат 00.00-ден бастап Атырау облысында карантин күшейтілген болатын. Қазір Атырау өңірі коронавирусқа шалдыққан науқастар саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр.

“Атырау облыстық коммуникациялар қызметі”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған