Атырау облысында 11 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда

poligon Жаңалықтар

Atr.kz/20-ақпан.  Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс тұрғындары алдында есептік кездесуде айтты, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

poligon

-Облыста 2017-2021 жылдарға арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жөнінде өңірлік бағдарлама қабылданды. Бүгінде облыстағы қоқыс полигондарында 2,3 млн тонна әр түрлі қалдықтар сақталуда. Өткен жылдың өзінде 112 мың тонна ҚТҚ жиналды. Қоқыс жинайтын жаңа полигондар құрылысы – қажетті жұмыс, -деді Нұрлан Ноғаев.
Табиғат қорғау шараларының аймақ үшін маңызы зор. Өткен жылы облыста өңір экологиясына теріс әсерді азайтуға бағытталған 47 шара өтті. Қаржыландырудың жалпы сомасы 4,9 млрд теңге болды.
Қазір Атырау облысындағы 11 елдімекенге қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарланып отыр.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз